Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдық шеберлер эвакуацияланған петропавлдықтар үшін тегін шаш қию акциясын өткізді

Петропавлдық шеберлер эвакуацияланған петропавлдықтар үшін тегін шаш қию акциясын өткізді

22 сәуір күні қызмет көрсету колледжінің жаңа жатақханасына сұлулық саласының шеберлері келді. Олар эвакуацияланғандарға тегін шаш қию қызметін ұсынды. Игі акцияны қаладағы барбершоптардың бірінің директоры Татьяна Клабукова бастады. Оның идеясын әртүрлі салондардың 14 шебері қолдады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Бізге жатақханаға келіп, шаш қию ұсынылды. Әрине, бірден келістік. Бастапқыда адамдар көп екені айттылды, сондықтан Instagram желісінде таныс шеберлердің айтуы бойынша жазба жарияладық. Алғашқы күні көптеген шебер жауап берді. Біз шетте қала алмадық. Алғашқы күндерден бастап менің шеберлерім гуманитарлық көмек ұйымдастырды, пункттерге барды, моральдық және қаржылық көмек көрсетті. Біз жануарлар орналастырылған екі пунктке бардық”, – деді барбершоп директоры Татьяна Клабукова.

Шеберлерге 40-қа жуық адам жазылды. Тегін қызметті Заречный кентінің тұрғыны Ақмарал Рүстемова да алуға шешім қабылдады.

“Бізге бәрі өте ұнады. Барлығы көмектеседі, гуманитарлық көмек әкеледі, тамақтандырады. Бүгін тіпті шаштараздар шақырылды, мен бірден шаш қиюға жазылдым. Күйеуім де қалаған, бірақ содан кейін өзі шаштаразға барды. Сондықтан бүгін жалғыз келдім”, – деді Заречный кентінің тұрғыны Ақмарал Рүстемова.

Shares