СҚО-да жаз мамыр айының соңында басталады
Синоптиктердің мәліметінше, мамыр айында орташа ауа температурасы +15 + 16°С болады деп күтілуде. Бұл нормадан 2° жоғары, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Бірінші онкүндікте ауа температурасының түнде 0-5°С-тан +13+16°С-қа дейін, күндіз +12+17°С-тан +24+29°С-қа дейін ауытқуы күтіледі. Екінші және үшінші онкүндікте ауа температурасының түнде +2 +7°С-тан +12 +17°С-қа дейін, ал күндіз +12 +17°С-тан +23 +28°С-қа дейін, кей жерлерде 32°С дейін ауытқуы күтіледі”, – делінген синоптиктердің хабарламасында.
Ай ішінде жауын-шашын мөлшері 25-39 мм болады деп күтілуде, бұл қалыпты жағдай. Жаңбыр, найзағай онкүндікте жиі күтіледі. Тұман екінші онкүндіктің басында болуы мүмкін. 15-20 м/с жел бірінші онкүндіктің соңында және айдың екінші және үшінші онкүндігінде жиі болжанады.