СҚО-да өрт қаупі жоғары кезеңдегі профилактикалық жұмыс үшін 40 мобильді топ құрылды
Жыл басынан бері облыс аумағында 139 өрт оқиғасы болды, шығын 51 млн теңгеден асты, оттан 13 адам қаза тауып, 23 адам жарақат алды. Орман және дала өрттері тіркелген жоқ, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі СҚО ТЖД-ға сілтеме жасап.
“2024 жылдың 8 сәуірі күні облыста өрт қаупі жоғары кезең басталды, жалпы ауданы 2 гектардан асатын қамыстың 2 жану фактісі орын алды, екі жағдай да 18 сәуір күні Мамлют ауданында болды. Сәуір айынан бастап өңірде өрттердің саны күрт өседі. Құрғақ шөп жанып, қызыл жалын бақыланбайтын тұрғын үйлерге, өндірістік ғимараттарға, саяжай кооперативтері мен ашық аумақтарға көшеді. Мүдделі органдардың ішінен профилактикалық рейдтер жүргізу үшін 40 жедел мобильдік топ құрылды”, – деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.