Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Алматылық дәрігерлер топан судан зардап шеккен солтүстікқазақстандықтарды қабылдауда

Алматылық дәрігерлер топан судан зардап шеккен солтүстікқазақстандықтарды қабылдауда

Алматы қаласындағы Қазақстан-Ресей медициналық университетінің мамандары су тасқынынан зардап шеккендерді тексеру түрінде медициналық көмек көрсетеді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Алматы қаласындағы Қазақстан-Ресей медициналық университетінің үйлестірушісі Александр Вдовцевтің айтуынша, Петропавлға 8 дәрігер келді: кардиолог, психолог, узист, рентгенолог және басқа да сұранысқа ие мамандар.

“Су тасқыны келтірген қиын жағдайға байланысты сіздерге көмекке келдік. Барлық мамандар жабдықтармен қамтамасыз етілген, бізде рентген, ультрадыбыстық және экг аппараты, кардиовизор бар. Көптеген әртүрлі зерттеулер, соның ішінде офтальмологтың зерттеулері ұсынылады”, – деді Александр Вдовцев.

Бүгінгі таңда Қызмет көрсету саласы колледжінің жаңа жатақханасында барлығы 250-ге жуық адам тұрады. Оның 5-еуі дәрігерлердің қарауынан өтті.

“Мұнда өте жақсы жағдай жасалған. Гуманитарлық көмек беріледі. Күніне үш рет тамақтанамыз: таңғы ас, бірінші және екінші түскі ас, кешкі ас”, – деді Былғары зауытының тұрғыны Юрий Голоуз.

Алматыдан келген дәрігерлер СҚО-да бір аптаға болады. Олар барлық эвакуациялық пункттерге барады деп жоспарлануда.

Shares