Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО әкімі тасқыннан зардап шеккендер жайлы: “Үйден су кетсе, бірден бағалау жүргізу қажет”

СҚО әкімі тасқыннан зардап шеккендер жайлы: “Үйден су кетсе, бірден бағалау жүргізу қажет”

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен Семиполатное, Бескөл, Большая Малышка ауылдарында болды. Өңір басшысы су тартылып жатқан үйлерді аралап, зардап шеккен ауыл тұрғындарымен сөйлесті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Семиполатное ауылындағы Дмитрий Фазыловтың үйі тұруға жарамсыз, сондықтан жергілікті диқан Ләззат Жакеева өзінің жұмысшысына сол ауылдан басқа үйді алып, жөндеп жатыр.

“Бізге су үйлердің аумағынан кеткен кезде тез арада мүлікке техникалық тексеру мен бағалау жүргізу қажет. Бұл жұмыстар қазірдің өзінде аудандарда жүргізілуде. Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласының әкіміне ештеңені күтпей, су тартылған үйлерде тексеру үшін бағалау комиссияларын жылдам іске қосуды тапсырдым”, – деді СҚО әкімі.

Егер комиссия үйді жөндеуді ұсынса, қалпына келтіру жұмыстары шұғыл түрде басталуы керек. Егер баспана өмір сүруге жарамсыз болса,  жаңа үй салынады немесе екінші нарықтан баспана сатып алынады.

Shares