Ингушетиядан Петропавлға 20 тонна ауыз су жеткізілді
Облыс орталығына Қазақстан халқы Ассамблеясының “Жүректен Жүрекке” жобасы аясында гуманитарлық жүктің жаңа партиясы әкелінді. Петропавлға сонау Ингушетиядан 20 тонна ауыз су жеткізілді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Бұлақ суын әкелдік, шамамен 4000 шақырым артта қалды. Білмейтін жолдарда түрлі жағдай болмай ма, шекарадан қалай өтеміз деген сұрақтар маза бермеді, уайымдадық. Барлығы жетті. Су – құнды ресурс. Енді оны тарату ғана қалып отыр”, – деді ҚР ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Жамболат Тангиев.
Су “Радуга”серіктестігінің қоймасына түсірілді. Түсірілгеннен кейін ол мекен-жайларға таратылады.