Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » “Біз барлық қателіктерді ескереміз”: “Қызылжар су” ЖШС бас директоры тасқын жайлы

“Біз барлық қателіктерді ескереміз”: “Қызылжар су” ЖШС бас директоры тасқын жайлы

“Қызылжар су” ЖШС атқарылған жұмыстар туралы есеп беру үшін жария тыңдалым өткізді. Бәріне белгілі, су тасқынына байланысты кәсіпорын қызметкерлері қатты қобалжуға мәжбүр болды. Топан судың келуі серіктестіктің мәселелерін анықтады. Бұл туралы “Қызылжар су” бас директоры Жеңіс Сұлтанов ашық айтты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Бізде бірінші көтеру станциясы су астында қалды. 4 резервтік сорғы бір сағаттің ішінде жарамсыз күйге түсті. Біз суасты сорғыларын тартуды қалаймыз, сонда тәуекелдер жойылады. Менің ойымша, біз оған жетеміз. Сорғы жабдықтары сатып алынады, бізге уәде етілді. Генератор жеткізілді, жақын арада орнатамыз. Біз көтерген, нығайтқан бөгетке келетін болсақ, шыдас бермеді, бөгет су астында қалды. Яғни, электр қуаты болса да, біз ештеңе істей алмас едік. Мұндай жағдай қайталанбайды деп ойлаймын және үміттенемін, біз барлық қателіктерді ескереміз”, – деді Жеңіс Сұлтанов.

Облыс орталығында судың сөнуі тағы бір күрделі проблеманы әшкере етті. Көлік тапшылығына байланысты үйлерге су жеткізу жедел жүргізілмеді.

“Біз шамамен 6 көлік сатып алуды жоспарлап отырмыз. Суды өшіру кезінде бізге олардың қажет екендігі айқын болды. Тіпті Астанадан көлік тартылды, өйткені адамдарға су таситын ешкім болмады. Сонымен қатар, біз автомобильдерімізді жөндеуге жылына 93 млн теңге жұмсаймыз”, – деді “Қызылжар су” ЖШС бас директоры Жеңіс Сұлтанов.

2023 жылы “Қызылжар су” ЖШС 383 миллион теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, компания шамамен 10 шақырым сумен жабдықтау және кәріз желілеріне күрделі жөндеу жүргізді. Бұл мақсаттарға 200 млн теңгеден астам қаражат жұмсалды.

Shares