Петропавлдағы эвакуациялық пункттерде кітаптар қойылған сөрелер пайда болды
Су тасқынынан зардап шеккендер орналасқан қызмет көрсету саласы колледжінің жаңа жатақханасында “Ауыл” партиясының белсенділері болды. Олар кітаптар мен бояғыштар қойылған сөре орнатты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Олардың көмегімен эвакуацияланған 30 ұл мен қыз бос уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізе алады.
“Бір ай бұрын “Ауыл” партиясының жастар қанаты “Кітапқа екінші өмір сыйла”акциясын өткізді. Нәтижесінде 18 мыңнан астам кітап жиналды. Осы кітаптардың кейбірін Петропавл қаласына әкелдік. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – өңір балаларын жаңа кітаптармен таныстыру, кітап оқу мәдениетін арттыру, балалар уақытын тиімді өткізуге ат салысу. Мұндай сөрелерді әртүрлі эвакопункттерде орнатамыз”, – деді Астана қаласынан келген “Ауыл” партиясы жастар қанатының төрағасы Дәурен Рахымбек.