“Біздің жұмысымыз аяқталмайды”: Депутат Болат Қожахметов зардап шеккендерге көмек көрсету жайлы айтты
Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің жатақханасында топан судан зардап шеккен 108 адам тұрады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Олар гуманитарлық көмекпен қамтамасыз етілген, күніне үш рет тамақтанады, медициналық қызметтердің бір бөлігі жатақханада көрсетіледі. Зардап шеккендердің өмір сүру жағдайымен қоғамдық штаб мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Болат Қожахметов жақсы таныс.
“Біз негізінен түсіндіру жұмысымен айналыстық. Халыққа біржолғы жәрдемақы алудың, залалды өтеудің амал-тәсілдерін түсіндірдік, кредиттердің кейінге қалатыны туралы да айтылды. Біздің жұмысымыз аяқталмайды, өйткені Премьер-Министрдің аузынан тұрмыстық техниканы сатып алуға қосымша 150 АЕК төленетіні айтылды. Бірінші қабатын су басқан 2-3 қабатты үйлерде тұратындарға да біржолғы жәрдемақы төленетін болады. Бұл тетікті бізге жеткізеді, ал біз зардап шеккендерге жедел жеткізетін боламыз”, – деді қалалық мәслихат депутаты Болат Қожахметов.