Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Халтурин көшесіндегі жылу желісінің учаскесі жөнделіп жатыр

Халтурин көшесіндегі жылу желісінің учаскесі жөнделіп жатыр

25 сәуір күні Петропавлда Халтурин көшесіндегі жылу желісі учаскесінде күрделі жөндеу жұмысы басталды. Жұмыстармен “Петропавл жылу желілері” ЖШС мамандары айналысады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Қазір құбырды бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде, жақын маңдағы үйлерде ыстық су болуы үшін техникалық бітеу құралдарын қойдық. Біз екі “Кобра” көлігін қолданып жатырмыз. Екі бригададан 6 адам шықты. Арнаны тазарту үшін қосымша күштер тартылады. Жұмыстар сейсенбі күні кешке аяқталады”, – деді “Петропавл жылу желілері” ЖШС жөндеу басқармасының шебері Денис Щербинин.

Яғни, мамандар жаңа құбырды орнату жұмысын аяқтайды. Ұзындығы 100 метр болатын учаске ауыстырылмақ. Қыста мұнда бірнеше рет апат болды, олар тез арада жойылды. Жаңа құбыр шамамен 10 жылға шыдайды деп болжануда. “Петропавл жылу желілері” ЖШС өкілдері жеке секторда орналасқан жылу желісі еріген қар суымен шайылатынын айтты. Бұл оның тозу жылдамдығын арттырады.

Shares