Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да түзету мекемесіне телефон мен сим-карта кіргізудің жолы кесілді

СҚО-да түзету мекемесіне телефон мен сим-карта кіргізудің жолы кесілді

Түзету мекемесі қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің уақтылы ден қоюының арқасында №48 мекемеге тыйым салынған заттарды жеткізудің екі әрекеті тіркелді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Нәтижесінде 24 және 45 жастағы қос азамат ұсталды. Осылайша, бірінші жағдайда 5 ұялы телефон, сондай-ақ 5 SIM карта, 5 зарядтағыш блогы, 3 бірлік құлаққап және 4 бірлік USB сымдары алынды.

Ал екінші жағдайда 7 ұялы телефон, сондай-ақ 3 SIM карта табылды және тәркіленді. Қазіргі уақытта азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сотқа одан әрі жібере отырып, материалдар жинау жүргізілуде.

Shares