200 қызылжарсулық мерекелік сенбілікке қатысты
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өткен мерекелік сенбілікке “Қызылжар Су” ЖШС-нің 200 қызметкері шықты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Олар кәсіпорынға іргелес аумақты абаттандырумен айналысты, гүл отырғызу үшін орындар дайындады.
“Баршаңызды мерекемен, Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз. Баршаңызға зор денсаулық пен жақсылық тілейміз. 1 мамырда елмен бірге бел жазбай еңбек етудеміз. Кәсіпорын аумағын ретке келтіреміз. Біздің қызметкерлер топан судан зардап шеккен қаланың шағын аудандарын абаттандыруға дайын”, – деді “Қызылжар Су” ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы Альбина Аверина.