Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 190-нан астам петропавлдық жастар тәжірибесінен өте алады

190-нан астам петропавлдық жастар тәжірибесінен өте алады

Петропавл қаласының ЖРО мамандары жылжымалы бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Орталықтың бастамасын қоғамдық даму және ақпарат орталығының, сондай-ақ қалалық мансап орталығының қызметкерлері қолдады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Біз Достық үйінің жанына табан тіредік. Жастар бағдарламалары қалай жұмыс істейтінін түсіндіреміз. Алдағы уақытта колледждер мен біздің ЖОО-ның студенттері оқуларын тәмамдайды. Біздің ұсыныстарымыз жастарға қызықты болуы мүмкін деп ойлаймын. Әр апта сайын осындай жұмысты қолға алғымыз келеді. Себебі, қазір мұндай мәселелерді көтеру өте маңызды”, – деді Петропавл қаласының ЖРО басшысы Дамир Әбдин.

Белсенділер ақпараттық жұмысты аялдама павильондарында, сондай-ақ қоғамдық көліктерде жүргізетін болады. Жастардың жұмысқа орналасуға көптеген мүмкіндігі бар, соның ішіне “Жастар тәжірибесі” бастамасы да кіреді. Жыл соңына дейін қалалық мансап орталығы осы жобамен
190-нан астам адамды қамтымақ.

“Жастар практикасы мамандығы бойынша бастапқы тәжірибе алу үшін оқу ұйымдарының түлектеріне ұсынылады. Егер диплом алған күннен 5 жылдан астам уақыт өтпесе, ниет танытушының жасы 35-тен аспаса, жастар практикасына қатыса алады. Жастар практикасының ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жалақы мөлшері – 30 АЕК-тен көп емес”, – деді Петропавл қаласы мансап орталығының маманы Камилла Сейтқазина.

Shares