Тепличное ауылында сегіз моторлы сорғы су сорып жатыр
Құтқарушылар екінші мамыр күні Тепличное ауылындағы қарғын суды белсенді айдауға кірісті. Бұл жұмысқа Қарағанды облысы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 11 қызметкері мен 4 бірлік техникасы тартылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Кеше сағат 15:00-де басталған жұмыстардың нәтижесінде шамамен 15 мың текше метр су сорылды. Қазір қосымша техника жұмылдырылуда”, – деді Қарағанды облысы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Алданыш Рахтаев.
Тепличное ауылында барлығы 8 қуатты мотопомпа жұмыс істеп тұр, ал адам саны 20-ны құрайды.
“Пайда болған көлшіктерді сорғы ақыры жоямыз. Шағын мотопомпалар үлкен техникамен жұмыс істеу мүмкін емес жеке үйлердің аумақтарынан суды сорып алады”, – деді Қызылжар ауданы ТЖБ бастығы Әзімхан Мерғасымов.