Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Жылдам және ыңғайлы: тасқыннан зардап шеккендер eGov mobile қосымшасын пайдаланады

Жылдам және ыңғайлы: тасқыннан зардап шеккендер eGov mobile қосымшасын пайдаланады

eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы су тасқынынан зардап шеккендер материалдық залалды өтеу үшін өтініш бере алады. Ол үшін басты бетке кіріп, танымал қызметтер тізімін қарау жеткілікті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Өтініш беруші eGov mobile мобильді қосымшасының көмегімен өтінішке сәйкес барлық деректерді көрсете отырып, үйден шықпай-ақ өз бетінше өтініш бере алады. Бұл – банк шотының нөмірі, су басқан жердің мекенжайы, байланыс деректері. Осылайша өтініш беріледі”, – деді “Еңбек ресурстарын дамыту орталығы” АҚ әлеуметтік көмек мәселелері басқармасының басшысы Айтжамал Әлмағамбетова.

Бұдан басқа, зардап шеккен құрылыстың түрі, оның саны және тұрмыстық техниканы немесе жиһазды қоса алғанда, барлық мүлік көрсетіледі. Сонымен қатар, зардап шеккен малды да көрсетуге болады.

“Осыдан кейін өтініш мамандарға түседі. Олар енгізілген деректердің дұрыстығын тексереді, жылжымайтын мүлік туралы қажетті ақпаратты алады, кейін бағалауға жібереді. Өтініш берудің екінші жолы бар. Егер өтініш берушіде eGov mobile қосымшасы болмаса, ол жергілікті атқарушы органға хабарласу арқылы, өтініш бере алады. Мұнда да барлық қажетті құжаттар сұратылып, өтініш жазылады”, – деп түсіндірді Айтжамал Әлмағамбетова.

Қажетті деректерді бергеннен және тексергеннен кейін зардап шеккен мүлікті бағалау, техникалық тексеру жүргізіледі. Сәуірдің ортасынан бастап 3 мамырға дейін ХҚКО қызметін топан судан зардап шеккен 14 мыңға жуық солтүстікқазақстандық пайдаланған.

Shares