Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Маусым айында Петропавлда 10 күн ыстық су болмайды

Маусым айында Петропавлда 10 күн ыстық су болмайды

“Петропавл жылу желілері” ЖШС жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізеді. Бұл – жылыту маусымының аяқталуына байланысты қабылданған шара. Сынақтардың мақсаты – келесі жылыту маусымына дайындалу үшін жылу желілері мен жабдықтарының ақауларын анықтау, деп хабарлайды QZ media тілшісі. Бұл туралы “Севказэнерго” АҚ хабарлады.  

“Сынақ кезеңінде жерасты және жерүсті магистральдық желілері әдеттегі нормадан 25% жоғары қысымда болады. Бұл жағдайда желілік судың температурасы +40 градустан жоғары болмайды. Жұмыстың ұзақтығы – 10 күн. Осы кезеңде Петропавл қаласын ыстық сумен жабдықтау тоқтатылады”, – делінген “Петропавл жылу желілері” ЖШС хабарламасында.

Сынақ аяқталғаннан кейін анықталған зақымдарды ескере отырып, ыстық сумен жабдықтауды кезең-кезеңімен қосу жүргізіледі. Зақымдану анықталған жағдайда магистральдық желілердің учаскелері жөндеуге жатады, яғни осы учаскелердегі тұрғын үйлерде ыстық сумен жабдықтау болмайды.

Жөндеу жұмыстарын аяқтау және ыстық сумен жабдықтауды қосу мерзімдері туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланады, ПИК/МИБ төрағалары хабарлайды. Жылу желілерін сынау маусым айына жоспарланған. “Петропавл жылу желілері” ЖШС құбыр өнімдерінің жеткілікті көлеміне ие, қалпына келтіру жұмыстарын жедел жүргізу үшін персонал жұмылдырылды.

Shares