Петропавл прокуроры су тасқынынан зардап шеккен жандар жиі көтеретін мәселелер жайлы айтты
Соңғы дерек бойынша су тасқынынан зардап шеккендердің 2 мыңнан астамы біржолғы төлем алды. Жалпы 744 млн теңгеден астам қаражат берілді. Бұл туралы Петропавл қаласының прокуроры айтты, деп хабарлайды QZ Меdia тілшісі.
Тыныбек Сапаров топан судан зардап шеккендермен үнемі кездеседі, сұрақтарға жауап береді, заңнама нормаларын түсіндіреді. Бірсыпыра қала тұрғынының үй құжаттарына байланысты проблемалары бар. Мұндай жағдайда олар сотқа жүгінеді, деп түсіндірді прокурор.
“Сот алқасында арыз жазуға әрі сот ісін жүргізуге көмектесетін арнайы адвокаттар бар. Азаматтық істерді қарау 2 айға созылуы мүмкін, бірақ егер сот арыз беруші тарап барлық қажетті құжаттарды ұсынса, онда мерзімдер қысқартылуы мүмкін”, – деді қала прокуроры Тыныбек Сапаров.
Қызылжар ауданының әкімдігіне 100 АЕК көлеміндегі жәрдемді алу үшін зардап шеккендерден 1,5 мыңнан астам өтініш түсті. 420 млн теңге төленді.
“Залалды өтеу үшін 963 өтініш қабылданды. Комиссия 127 үйді тексерді. Су тасқыны кезеңінде зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетілді”, – деді Қызылжар ауданының прокуроры Қайсар Әбішев.
Үйлері су тасқынынан зардап шекпеген, бірақ эвакуацияланғандардың арасында болғандардан біржолғы төлемге қатысты сұрақтар жиі туындайды, дейді прокурорлар. Заң бойынша мұндай көмек оларға көрсетілмейді, өйткені топан су олардың өмір сүру аймағына жете алмады.