Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » “Солнечный-2” ықшам ауданында 400 адам үй салып жатыр

“Солнечный-2” ықшам ауданында 400 адам үй салып жатыр

“Солнечный-2” ықшам ауданында зардап шеккен солтүстікқазақстандықтар үшін 100 жаңа үйдің құрылысы жалғасуда. Жұмыстармен 10 мердігер ұйым айналысады, 2 айдың ішінде барлық істі аяқтау жоспарлануда, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Барлық құрылыс материалы отандық, Қазақстанда өндірілген. Жұмыстар “Қазақстан халқына” қоғамдық қорының қаражаты есебінен жүргізіледі. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында 400-ге жуық маман мен 40 техника жұмыс істеуде.

“Құрылыс жұмыстарын 2 айдың ішінде аяқтау жоспарланып отыр. Содан кейін техникалық қадағалау жүргізетін компаниялар осы үйлерді тексереді. Егер қандай да бір кемшіліктер анықталса, онда құрылыс компаниясы өз қаражаты есебінен қысқа уақыт ішінде барлық кемшіліктерді жоюға міндеттеледі. Құрылыс аяқталғаннан кейін басқарма бұл үйлерді әкімдікке береді, ал әкімдік оларды зардап шеккендер арасында бөледі”, – деді СҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының баспасөз хатшысы Майгүл Елемесова.

Жұмыс аяқталғаннан кейін “Солнечный-2” шағын ауданында зардап шеккендер үшін тағы 400 жаңа үй салу жоспарлануда.

Shares