Ойқала ықшам ауданында су басқан үйлерді қалыпқа келтіру жұмыстары басталды
Бүгін қаланың “Ойқала” шағын ауданында топан судан зардап шеккен үйлерді қалыпқа келтіру жұмыстары басталды. Мұнда су тасқынынан 1383 үйге залал келді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Қалалық әкімдік өкілдері хабарлағандай, қалада су тартылып жатыр. Сондықтан, қалпына келтіру жұмыстары басталды. Бірақ, іс басталмас бұрын техникалық тексеру жүргізіледі.
“Тексеру жүргізіледі. Егер үй одан әрі тұруға жарамды болса, онда қалпына келтіру жұмыстарымен айналысатын мехбригадалар іске кіріседі. Қалаға 11 ауданнан ұжымдар көмекке келді. Әр ауданнан 5 бригададан жолданды. Бүгін Ойқаладағы жол ашылды және адамдар біртіндеп жетуге болатын, техникалық тексеруден өткен үйлерге, су кеткен жерлерге қатынауда”,-дейді Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.
“Ойқала” ықшам ауданында Мүсірепов, Тайынша және Айыртау аудандарының бригадалары жұмыс істеп жатыр.