Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Тасқыннан зардап шеккен теріскейліктер әлеуметтік көмек ретінде 1,3 млрд теңгеден астам қаражат алды

Тасқыннан зардап шеккен теріскейліктер әлеуметтік көмек ретінде 1,3 млрд теңгеден астам қаражат алды

СҚО-да қарғын су 3898 үйге кірді. Оның 2330-да әлі су тұр. Барлығы 14 388 адам эвакуацияланды. 5567 адам үйлеріне оралса, 8821 адам әлі қауіпсіз жерлерде қалып отыр, хабарлайды QZ Мedia тілшісі. Бұл туралы ОКҚ брифингінде СҚО ӨКҚ бөлімінің басшысы Мадина Төлешова мәлімдеді.

Мадина Төлешованың айтуынша, су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу жөніндегі арнайы комиссиялар құрылған. Оларға 4154 өтініш келіп түсіпті.

“3748 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, төленген қаражаттың жалпы сомасы 1 млрд 383 млн теңгеден асады. Барлығы 694 үй тексерілді, 200-і бойынша бағалау жүргізілді, 23 баспана қалпына келтіруге жатады. Зардап шеккен шағын аудандарда аумақты тазарту жұмыстары басталды. Былғары зауыты және Ойқала аудандарында қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бекітілген аудандар механикалық бригадалар құрып, техника бөліп, жұмыс істей бастады”, – деді СҚО ӨКҚ бөлімінің басшысы Мадина Төлешева ОКҚ брифингінде.

Shares