Петропавлда 6 ауданнан келген механикаландырылған жасақтар үйлер мен көшелерді тазалауда
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Ойқала, Былғары кенті мен Тепличное ауылында бекітілген аудандардың жедел штабтарында болып, қалпына келтіру жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Жауапты аудан әкімдері орынбасарларының есебі тыңдалды. Техникасы бар механикаландырылған жасақтар су тасқынынан зардап шеккен үйлер мен көшелерді тазалауға кірісті.
Қазір Ойқалада Мүсірепов, Тайынша, Айыртау аудандарының жасақтары жұмыс істеуде. Судың кетуіне байланысты топтардың саны өсіп отырады. 20 мотопомпа жұмыс істеп тұр. Былғары кентінде Шал ақын, Жамбыл, Есіл аудандарының 15 жасағы жұмысқа кірісті. 30 мотопомпа жұмыс істеуде.
Бағалау комиссиясының қорытындысынан кейін және үй иесінің келісімімен жасақтар үйлерді жөндеуге кіріседі. Егер баспананы қалпына келтіру мүмкін болмаса, бұзу жұмыстары жасалады.
Өңір жасшысы Ойқаладағы 0-8 км айналма жолдың жағдайымен де танысты. Қазір бөгет арқылы өнімділігі жоғары насостар үздіксіз су сорып жатыр. Тағы да қуатты су сору техникасы іске қосылады. Бұл шағын ауданды тез арада кептіруге мүмкіндік береді.