Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдық жас волонтёр қала әкімі Серік Мұхамедиевтен сыйлық алды

Петропавлдық жас волонтёр қала әкімі Серік Мұхамедиевтен сыйлық алды

Отан қорғаушы күні Достық үйінде қала әкімі мен депутаттар 15 жастағы ерікті Тамир Раймбековке алғыс хат пен смартфон табыс етті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Оқушы Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілер отряды құрамында су тасқыны салдарын жоюға қатысты. Халықты эвакуациялауға көмектесті, гуманитарлық көмек түсірді және жеткізді. Сонымен қатар, жеткіншек әлеуметтік желілерде гуманитарлық көмек жинау орталығының жұмысын жариялады.

“Мен биыл ерікті атандым, қыста зейнеткерлерге қар тазалауға көмектестім, өзге іспен айналыстым. Су тасқыны алдында Прибрежное ауылына қатынап, бөгет салуға көмектестім. Содан кейін азық-түлік, гуманитарлық көмек таратуға қатыстым. Мен адамдарға көмектескенді ұнатамын, алғыс сөздерін естігеніме өте қуаныштымын”, – деді ерікті Тамир Раймбеков.

 

Shares