Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстікқазақстандық 96 бала “Балдәурен” сауықтыру орталығына жол тартты

Солтүстікқазақстандық 96 бала “Балдәурен” сауықтыру орталығына жол тартты

Оқу-ағарту министрлігі су тасқынынан зардап шеккен отбасы балаларын қолдау мақсатында “Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру орталығына жіберу туралы шешім қабылдады. 8-26 мамыр аралығында тұмса табиғат аясында Солтүстік Қазақстан облысынан 96 бала демалады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Оның ішіндегі шалақындық 37 бала Алматы облысы Қонаев қаласында орналасқан “Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру орталығына жіберілді.

Ал Петропавл, Есіл және Қызылжар аудандарынан 46 бала орталықтың филиалы орналасқан Ақмола облысы Щучинск қаласына бағыт алды.

“8 бала – Большая Малышка ауылының тұрғындары. Ауыл қатты зардап шекті. Демалысқа Озерное мектебінің және Бескөлдің балалары да барады. Олар жақсы демалады деп үміттенемін. Балаларымызды қолдағаны үшін мемлекетке өте ризамыз”, – деді СҚО білім басқармасының бас маманы Зәмзәгүл Тұрлыбаева.

Shares