Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қалалық су арнасы бірінші көтеру станциясының жұмысын қалпына келтірді

Қалалық су арнасы бірінші көтеру станциясының жұмысын қалпына келтірді

Қаланың негізгі су жабдықтаушысы тура 24 күн жұмыс істемеді. Жағымды жаңалық, “Қызылжар су” ЖШС бірінші көтеру станциясының жұмысын қалпына келтірді. Бұл туралы кәсіпорынның бас директоры Жеңіс Сұлтанов өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жазды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Қала тұрғындарына шыдамдылық пен түсіністік үшін алғыс білдіремін! Энергетиктерге көмектескені үшін рахмет айтамын!”,- деп жазды Facebook парақшасында “Қызылжар су” ЖШС директоры Жеңіс Сұлтанов.

7 мамыр күні сумен жабдықтаудың негізгі көзі – Есіл өзеніндегі бірінші көтеру станциясының жұмысы қалпына келтірілгені белгілі болды. Жергілікті билік қалаға жеткізілетін су көлемі ұлғайғанын және желідегі қысым штаттық нормаға дейін көтерілгенін атап өтті.

“Петропавл қаласының тұрғындарына осы қиын кезеңде шыдамдылық танытқаны үшін, сондай-ақ ТЖ алғашқы күндерінен бастап өз жұмыс орындарын қалдырмаған “Қызылжар су” ЖШС барлық қызметкерлеріне зор алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ, энергетиктердің жөндеу бригадаларын, оның ішінде сорғы станциясын қалпына келтіруге тәулік бойы бел жазбай қатысқан басшылары Мокренский Евгений Борисович пен КТЖ басшысы Новиков Андрей Викторовичті ерекше атап өткіміз келеді”, – делінген Петропавл қаласы әкімдігінің хабарламасында.

Shares