Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Тәртіп сақшылары 47 жастағы қала тұрғынының мәйітін тапты

Тәртіп сақшылары 47 жастағы қала тұрғынының мәйітін тапты

May 14, 2024 17:49

10 мамыр күні полицияға 47 жастағы ер адамның өз үйінде асулы күйде тұрғандығы жайлы хабарлама түскен, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді”, – делінген СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ал әлеуметтік желі қолданушыларының болжамына сүйенсек, қайтыс болған адам – екі баланың әкесі. Бір нұсқа бойынша, оның үйін топан су басқан. Ер адам зардап шеккен үйі үшін мемлекеттен өтемақы мөлшерін білгеннен соң өзін-өзі өлтіруге шешім қабылдаған деген болжам бар.

Shares