Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Хромзауыт шағын ауданында үйлерді бағалау жұмысы жүргізілуде

Хромзауыт шағын ауданында үйлерді бағалау жұмысы жүргізілуде

Хромзауыт шағын ауданында техникалық тексерістен өткен үйлерде бағалаушы жұмыс істеп жатыр. Надежда Экстремских маманға үйге арналған құжаттарды, сондай-ақ жиһаз бен тұрмыстық техниканың жағдайын көрсетті. Азаматшаға мұраға қалған бұл үйде оның қызы мен күйеу баласы тұрды, ал Надежданың өзі жақын жерде орналасқан үйде 40 жыл бойы жұбайымен өмір сүрді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Қазір техника тексерілуде, үйлер қалпына келтіруге жарамсыз. Жер әлі рәсімделмеген, қысқа уақытта рәсімдеу үшін өтініш берем, бәрі түбегейлі тәртіпте дайын болады. Су өте тез келді, 12-нен 13-не қараған түн естен кетпейді. Түнгі сағат үште бұл жерден қашып кеттік, 45 минутта көкөніс бақшасы су астында қалды, үйге су келді. Біз қолымыздан келгеннің бәрін көтердік, бірақ жоғары биіктікке емес”, – деді Петропавл тұрғыны Надежда Экстремских.

Алматылық бағалаушы Данияр Нұрланқұлов Петропавлда бір аптаға жуық жүр. Азамат Кәсіпкерлер палатасы арқылы облыс орталығында өзі сияқты мамандар жетіспейтінін біліп, бастама көтеріп, топан судан зардап шеккен адамдарға жедел көмек көрсетуге келіпті.

“Үй егер жөнделетін болса, біз жылжымайтын мүлік пен мүлікті бағалаймыз. Екі бағалау алынады. Егер техникалық мамандар үйді бұзу қажет, одан әрі пайдалануға жатпайды деп жазса, онда тек мүлік бағаланады. Ең алдымен, тұрғындар тиісті құжаттарын ұсыну керек. Бізде қорытынды мен ақаулар жайлы актілер болмайынша, іске кіріспейміз. Жиһаз бәрі қалқып жүр, аударылып жатқандар қаншама, ал тұрғындар жас емес, заттарды көтеру үшін уақыт қажет, суретке түсіру керек”, – деді Алматы қаласының бағалаушысы Данияр Нұрланқұлов.

Бағалаушыға есеп беру үшін фото қажет, ол егжей-тегжейлі сауалнама жүргізіп, тұрғын иесінен ақпарат жазады. 2-3 күннен кейін маман қорытындыны жергілікті атқарушы органдарға береді. Айта кету керек, заңда бағалаушылардың дұрыс жұмыс істемеуі үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

 

Shares