М.Жұмабаев ауданында кәмелетке толмағандар топпен адам өлтірген
СҚО ӨКҚ брифингінде 2023 жылдың желтоқсан айында М.Жұмабаев ауданында кәмелетке толмағандар топпен адам өлтіргені жайлы айтылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Екі күдікті ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, М. Жұмабаев ауданының аталған тұрғындары ұрлық және қарақшылық шабуыл жасады деп күдіктелуде. Қызметкерлер іс – шаралар кешенін өткізді”, – деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Іс материалдары сотқа берілді.