Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда оқушылар жол төсемінің сапасы қалай тексерілетінін білді

Петропавлда оқушылар жол төсемінің сапасы қалай тексерілетінін білді

15 мамыр күні № 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің оқушылары “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” филиалы қызметкерлерінің жұмысымен танысты. Сарапшылар зертханада жол төсемінің сапасы қалай тексерілетінін көрсетті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Мен мұнда бірінші рет келдім. Менің жол саласына жақын достарым бар. Оларға барлық ақпаратты айтып беремін”, – деп бөлісті №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің оқушысы.

Бүгінде еліміздің 8 жоғары оқу орны жол саласының мамандарын даярлауда. Биыл көлік министрінің тапсырмасы бойынша колледждер мен жоғары оқу орындары қалған өңірлерде алғаш рет “Көлік құрылысы”мамандығы ашылады. Қосымша 1 мың грант бөлінді.

“Жол саласына механиктер, бас инженерлер қажет. Жалақы 250 000-нан 700 000 мың теңгеге дейін өзгереді. Жастарды ынталандырып, осындай жұмыстың мүмкіндіктері туралы айту керек”, – деді “Қазавтожол” АҚ СҚОФ директорының орынбасары Қанат Өсербаев.

Shares