Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Хромзауыт шағын ауданында дезинфекция жұмысы жүріп жатыр

Хромзауыт шағын ауданында дезинфекция жұмысы жүріп жатыр

Арнайы мамандар бұрын өңделмеген немесе су енді тартылған аумақтарды өңдеу үшін Хромзауыт шағын ауданының аумағына қайта келді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Біз 150 гектар жерде жұмыс істейміз, су басқан аумақтарды, сондай-ақ меншік иелері рұқсат беретін тұрғын үй-жайларды өңдейміз. Біз көшелерде бүріккіш қолданамыз. Біздің командада 10-ға жуық адам, 6 бензин бүріккіш және екі бу генераторы бар”, – деді мердігер Алмат Сүлейменов.

Мердігерлік ұйым су басқан аумақтарды 100% өңдеу жұмысымен қамтуды жоспарлап бар. Дезинфекция жұмысы тасқынның тартылуына байланысты жүргізіледі.

 

Shares