Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Алматыда “Бишімбаев өмір бойы түрмеде отыруы керек” деп ұрандатқан әйелдер жазаланды

Алматыда “Бишімбаев өмір бойы түрмеде отыруы керек” деп ұрандатқан әйелдер жазаланды

Алматыдағы Сот Feminita бастамасының негізін қалаушы Гүлзада Сержан мен белсенді Гүлбақыт Өтебайға рұқсат етілмеген жиналыс ұйымдастырғаны үшін айыппұл салды. Олар 184 606 теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі “NewTimes.kz” АА-ға сілтеме жасап.

Фем-белсенділер акцияны дүйсенбіде, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа үкім жарияланғаннан кейін өткізді. Акцияға қатысушылар оны өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап етті. Олар “Әр қанішер түрмеде шірісін” деп ұрандатып, “Мен, сен, біз – Салтанатпыз” плакаттарын ұстап, фемицидті тоқтатуға шақырды. Кейін Гүлзада Сержан, Гүлбақыт Өтебаева мен тағы бір белсенді Ясмин Агулиева полиция бөліміне жеткізілді. Ogash бастамашыл тобы ұсталған кезде Өтебаеваға күш қолданылғанын хабарлады.

13 мамыр күні Қуандық Бишімбаев пен екінші сотталушы Бақытжан Байжановқа үкім шығарылды. Сот Қуандық Бишімбаевты кінәлі деп тауып, оған 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қылмысты жасырды деп айыпталған ағасы Бақытжан Байжановқа сот төрт жыл жаза кесті. Айта кету қажет, 2023 жылғы 9 қарашада Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев жұбайын өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Shares