Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » “Қазақ аналары – дәстүрге жол” ҚБ өкілдері СҚО-ға 55 млн теңгеге жуық қаражат бөлді

“Қазақ аналары – дәстүрге жол” ҚБ өкілдері СҚО-ға 55 млн теңгеге жуық қаражат бөлді

Осыдан жарты жыл бұрын облыста “Қазақ аналары – дәстүрге жол” республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы ашылды. 17 мамыр күні С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхана қабырғасында жиналыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Ұжымда 25 әйел бар. Біз мектептерге барамыз, жастармен танысамыз, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы айтамыз. Гаджеттер өскелең ұрпаққа көп зиян келтіруде, балалардың еңбекке деген сүйіспеншіліктерін оятуға тырысамыз. Бұл өте маңызды. Біздің әйелдер өз білімдерін Мәскеуде, АҚШ-та, Моңғолияда тұратын қазақтарға беру үшін біріккен”, – деді “Қазақ аналары – дәстүрге жол” ҚБ СҚОФ төрағасы Алма Махаметова.

“Қазақ аналары – дәстүрге жол” республикалық қоғамдық бірлестігі облысқа 20 тонна гумкөмек жеткізді.

“Шамамен 45 миллион теңге жұмсалды. Сонымен қатар, 10 миллион теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді. Бұл ақшаны Шымкент қаласының педагогикалық университетіне түсетін 10 солтүстікқазақстандық бала алады”, – деді “Қазақ аналары – дәстүрге жол” республикалық ҚБ төрайымы Айнұр Жүгінісова.

Shares