Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда СОСО ғимаратында тегін заң көмегін алуға болады

Петропавлда СОСО ғимаратында тегін заң көмегін алуға болады

Петропавлдың сауда және ойын-сауық орталықтарында мобильді топ мүшелері азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетуде, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Кеңес берушілер – мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, заңгерлер мен адвокаттар. Жалпы 10-ға жуық маман жұмылдырылды. Көтерілетін мәселе әртүрлі. Бірақ, ең жиі талқыланған сұрақ – тасқын судан келген шығынды өтеу.

«Мұнда жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері отыр. Тағы бір маңызды мәселе – нысандарға су қосу. Қазір көптеген адамда не істеу керектігі туралы сұрақтар туындайды. Жазғы сумен жабдықтауға тікелей қосылған дұрыс па? Қандай су келеді? Міне, осындай сауалдар маза бермейді. Сондықтан, мұнда «Қызылжар су» серіктестігінің өкілдері өз пікірлерін білдіруде», – СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басқарма басшысы Дамир Хабибулин.

Жыл ішінде заңгерлерден құралған мобильді топ облыстың әр ауданында болады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қатысты емес те сұрақтар қойылады. Маған жаңа ғана интернет алаяқтары туралы ең өзекті сауал қойылды. Қулар әйелдің қатысуынсыз несие алған. Ал азаматшаны коллекторлар мазалап жатыр екен. Олар несиені қайтаруды талап етуде. Азаматтық кодекс бойынша шартқа адамның өзі қол қоймаған жағдайда, ол жарамсыз болып табылады. Осыны айттым. Яғни, ештеңе төлеудің қажеті жоқ», – деді қоғамдық кеңестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының төрағасы Евгений Кинцель.

Shares