Жұмыс аптасының соңғы күні солтүстікқазақстандықтарды жайлы ауа райымен қуантады
Қазгидромет 17 мамыр күні өңір тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын жариялады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күштілігі секундына 9-14 метрге жетеді. Ал күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 метрге дейін күшеймек. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы болады, облыстың солтүстік-шығысында 1 градусты құрамақ. Ал күндіз 17-22 градусты құрайды. Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күштілігі секундына 9-14 метрге жетеді. Күндіз екпіні 15-20 метрге дейін күшеймек. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 18-20 градусты құрайды.