СҚО-да тасқыннан кейін үйлер қалыпқа келтірілуде
24 сәуірден бастап, яғни су кете бастағаннан кейін облыс орталығында техникалық зерттеп-қарауды жүргізетін, бүлінген мүлікті бағалауды жүзеге асыратын лицензиялық ұйымдардың, полиция және қала әкімдігі қызметкерлері қатарынан топтар құрылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Қала әкімдігі ТЖ шеңберінде 6 ұйыммен техникалық тексеру жұмыстарын жүргізу бойынша шарт жасасты. Бүлінген мүлікті бағалауды 7 ұйым жүргізеді. Сонымен қатар, сметалық есептерді жасау үшін 6 компания тартылды.
Бүлінген мүлікті қалпына келтіру, үйлерді жөндеу және аумақтарды тазартуға көмектесу мақсатында Петропавлда механикаландырылған бригадалары бар жедел штабтар орналастырылды. Ойқала шағын ауданында облыс аудандарынан келген мехбригадалар белсенді жұмыс істеуде. Олар 10-нан астам үйді қалпына келтіруге көмектесіп жатыр. Осыған ұқсас жұмыстар Балғары зауыты ықшам ауданында да жүргізілуде. Мысалы, ауданы 100 шаршы метрден асатын бұл үй Андрей Андреевке тиесілі. Комиссия оның үйіне келтірілген залалды бағалады, өтемақы сомасы анықталды. Үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
“12 сәуірде су тасқыны болды, біз үйден кеттік, пәтер жалдадық, үш апта бұрын үйге оралдық. Қалыпқа келтіру басталды. Бізде бір жарым метр су болды. Жүргізілген бағалаумен келісемін, мемлекетке көмек үшін рахмет айтамын”, – деді Былғары зауыты ауданының тұрғыны Андрей Андреев.
Елена Валыринаның үйі де су тасқынынан кейін қалпына келтіріледі. Былғары зауыты ауданы тұрғынының үйі бағаланып, өтемақы сомасы анықталды.
“Көңіліміз құлазып жүр, бірақ бағалау өтті, мемлекет бізге қандай көмек көрсететінін білеміз. Сәлде болсын көңіл – күй жақсарды”, – деді Елена Валырина.
Ойқала шағын ауданында Петропавл қаласының, Тайынша ауданының, Уәлиханов ауданының, Айыртау ауданының және Ғ. Мүсірепов ауданының механикаландырылған бригадалары жұмыс істейді. Былғары зауыты ауданына Есіл ауданы, Жамбыл ауданы және Шал ақын ауданы бекітілген. Ал Мамлют ауданы, М. Жұмабаев ауданы, Тимирязев ауданы мен Ақжар ауданы Заречный кентіне бекітілген.
16 мамырдағы жағдай бойынша 1 236 үй зерттелді, оның ішінде 587 үйге техқорытынды берілді, әлі 920 үйге тексеру жүргізу қажет. Қалпына келтіруге жатпайтын үйлердің тізімі апта сайын қалалық әкімдіктің ресми сайтында, “Әртүрлі” бөлімінде жарияланады, ақпарат деректердің түсуіне қарай жаңартылып отырады.