Петропавлда “ЖИТС-ті бірге тоқтатайық” акциясы өтті
АҚТҚ-ның алдын алу жөніндегі облыстық орталық Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің қабырғасында “ЖИТС-ті бірге тоқтатайық” акциясын өткізді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі. Іс-шараға әр түрлі колледждерден 300-ге жуық студент қатысты
Акция мамырдың әр үшінші жексенбісінде атап өтілетін ЖИТС құрбандарын еске алу күніне арналды.
“”АРТ” қабылдаудың маңыздылығын түсіну үшін пациенттер арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Осының арқасында емделуге деген ұмтылыс жыл артқан сайын артып келеді. Бұл минималды жанама әсерлері бар жаңа буынды “АРВ” препараттарының пайда болуына ықпал етеді. Бүгінгі таңда облыста АИТВ жұқтырғандардың 86%-ы “АРТ” қабылдайды. 2023 жылдың осы кезеңінде өңір бойынша бұл көрсеткіш 84,4% құрады, яғни емделушілерде емделуге деген бейімділік жақсарды”, – деді облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры Ринат Улмесеков.
Айта кетейік, СҚО-да АИТВ-мен өмір сүретін 1400-ден астам адам есепте тұр. 60% – әйелдер, 38%-дан астамы – ер адамдар. Облыста антиретровирустық терапияны жұқтырғандардың 86% алады.