Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Аққайың ауданынан келген мехбригада Прибрежное ауылын қалпына келтіруге көмектесуде

Аққайың ауданынан келген мехбригада Прибрежное ауылын қалпына келтіруге көмектесуде

Есіл өзені көтерілуі салдарынан Қызылжар ауданына қарасты 18 елді мекендегі 1546 үйді су басты. Сәуірдің 12-сінен бастап зардап шеккендерге 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бірреттік көмек көрсету жұмыстары басталды. Бүгінде 1459 адамға жалпы сомасы 538 млн теңгеден астам төлем жасалды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Бүгінгі таңда мүліктік залалды өтеу үшін 929 үй зерттелді. Әзірге 139 үй бойынша қорытынды алынды. Техникалық тексерумен 593 үй қамтылды, тексеру нәтижелері 96 үй бойынша дайын. Айта кету керек, мамандардың тұрғын үйлерді тексеру жүргізу үрдісі жергілікті топтардың мессенджерлері арқылы халықты хабардар ете отырып, кестеге сәйкес жүргізіледі. Бүгінде сарапшылар Бескөл, Тепличное және Прибрежное ауылдарында жұмыс істеуде”, – деді Қызылжар ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Жанель Батанова.

Бастапқыда техникалық тексерумен тиісті критерийлерге сәйкес келетін серіктестіктердің бір – “Стадия” мамандары айналысқан. Жұмыстың үлкен көлеміне және техникалық зерттеп-қараудың ерекшелігіне, сондай-ақ өңірде осы мамандардың болмауына байланысты маңызды іске елордалық сарапшылар тартылды.

ТЖ салдарынан зардап шеккен адамға келтірілген материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия сараптама ұйымдарынан алынған қорытындыларға сәйкес 4 отырыс өткізді. Оларда бұдан әрі пайдалануға жарамсыз тұрғын үйлердің құнын өтеу жөніндегі материалдар қаралды. Боголюбово ауылында тұрғын үйі қалпына келтіруге жатпайтын 9 адам бар. Оларға балама тұрғын үй сатып алу ұсынылды. Бұл ұсыныс халықты қанағаттандырды. Маңызды бағыттағы жұмыс бағалау нәтижелеріне қарай жалғасады.

“Тасқын салдарын жоюды қажет ететін аумақтарға Аққайың ауданының 5 механикаландырылған бригадасы (45 маман) келді. Қазіргі уақытта олар Тепличное және Прибрежное ауылдарында жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда үйлердің аумақтарындағы қоқыстарды жою, үйлерді жөндеуге дайындау жұмыстары жүргізілуде”, – деді Жанель Батанова

Shares