СҚО әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесті
Су тасқынынан кейін кейбір кәсіпкерлердің жұмысы тоқтап қалды. Аймақ басшысының орынбасары Рүстем Құрманов апаттан зардап шеккен кәсіпорындарға барды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Ойқала ауданында орналасқан “Великановъ” кондитерлік цехы ғимаратының бірінші қабаты қатты зардап шекті, ол шамамен 20 жыл бойы жұмыс істеп келеді.
“Мұнда бағалау жұмыстары жүргізілді. Сарапшылардың есептеулері бойынша жөндеу сомасы 5 млн теңгені құрайды”, – деді кондитерлік дүкен иесі Маргарита Великанова.
Содан кейін облыс әкімінің орынбасары “Дары моря” дүкеніне барды. Бұл дүкенде көптеген жылдар бойы балық өнімдері дайындалып, сатылып келген. Нысанның едәуір бөлігі бүлінген, су 2 тонна өнімді жойды.
“Ғимараттың жабдықтары мен ішкі бөлмелерін жөндеу үшін шамамен 30 миллион қажет. Су бақандай 22 күн тұрды. Қарғын су әлі толық сорылған жоқ”, – деп түсіндірді кәсіпкер Елена Пронина.
Аймақ басшысының орынбасары уақытты жоғалтпау үшін жөндеу жұмыстарын мүмкіндігінше тезірек бастауға кеңес берді.
“Егер бағалау өтіп, барлығы тіркелсе, ақша алатын күнді күтудің қажеті жоқ. Сіз қазір бағалау құжаттарын жинап, бізге өңірлік комиссияға бересіз. Біз бәрін қарастырамыз. Қаражат көп ұзамай аударылады. Күтсеңіз, сіз маусымды жоғалтасыз. Оданша қалпына келтіру жұмыстарын бастаңыз. Біз бұл өтемақыны алып, сізге төлейміз”, – деді Рүстем Құрманов.