Петропавл ботаникалық бағында “Айдаһар ағашы” гүлдей бастады
Облыс орталығының ботаникалық бағында “Айдаһар ағашы” гүлдей бастады. Бақ қызметкерлері атап өткендей, балдың хош иісі сезілгендіктен ағаштың “хош иісті” деп аталатын кіші түрлері гүлдеуде, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Мәңгі жасыл хош иісті “Айдаһар ағашы” – көркем жапырақты “Айдаһар ағашының” ең көп тараған түрі. Оның отаны болып Африка, Америка және Азияның субтропикалық, тропикалық ормандары саналады. 150-ден астам түрі бар. Сәндік-жапырақты ағаш гүлдемейді, өйткені барлық сәні жапырақ арқылы беріледі. Өсімдіктің қызыл шайырынан – “айдаһар қанынан” жараларды емдеуге арналған антисептикалық дәрі жасалған, иммуностимулятор ретінде қолданылған деп есептелген. Ол ОЖЖ-ны тыныштандырады және зұлым рухтарды қуып жібереді деп саналған.
Айта кету керек, хош иісті “Айдаһар ағашы” сүзгі-өсімдік ретінде жалпақ жұртқа танымал. Ол ауадағы зиянды қоспаларды өзіне сіңіреді.