Петропавл студенттері №2 өрт сөндіру бөліміне барды
60-қа жуық студент пен ерікті Петропавл қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Кездесуде жастар арнайы техниканы, жабдықтарды көрді, мамандармен әңгімелесті, кинологиялық қызметтің жұмысы туралы білді.
“Біз – қордың үйлестірушілері боламыз. Жалпыұлттық жоба аясында облысымыздың студенттері, еріктілері мен жастары үшін осы іс-шараны ұйымдастырып, кинологиялық орталыққа келдік. Кинологиялық орталық орналасқан аумақтағы өртке қарсы қызметтің мамандары кинологиялық иттермен қалай жұмыс істеу керектігі және қандай ит тұқымдары бар екендігі жайлы айтты. Кәсіби бағдар беру бойынша бөлек кездесу де өтті”, – деді “Birgemiz” волонтерлік фронт-офисінің үйлестірушісі Мәдина Исмаилова.