Петропавлда өткен таланттар байқауында 700 ерекше бала өнер көрсетті
Қалалық мәдениет үйінде “Демеу жұлдыздары” байқауы өтті. Оған 700-ге жуық ерекше бала қатысты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Ән шырқау, би билеу және өлең оқу – үздік қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар берілді. Игі конкурсты ұйымдастырушылар балаларға көмек қолын созып жүрген белсенділерге де арнайы марапаттар дайындады.
“Мен “Мейірімділік пен адамгершілік үшін” медалін алдым. Іс-шара өте маңызды. Байқау балалар мен олардың ата-аналарына қажет. Балалар талантты, олар өздерін сахнада көрсеткісі келеді, мұндай ұл-қыздарды көтермелеу керек. Конкурсты ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін”, – деді Астанадан келген ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Джамбулат Тангиев.