СҚО-да тасқыннан зардап шеккен жандарға үй салуға құрылыс жасақтары көмектеседі
СҚО-да құрылыс жасақтары құрылды. Олар су тасқынынан зардап шеккендерге үй салуға көмектеседі, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Бұл бастаманы «Ауыл» партиясы көтерген. Бүгін “Ауыл” партиясының төрағасы Серік Егізбаев пен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құрылыс жасақтарымен кездесті. Аймақ басшысы қозғалысқа белсенділік танытқаны үшін алғыс айтып, бұл бастаманың маңыздылығына тоқталды.
“Су тасқыны бәріміз үшін үлкен сынақ болды. Бұрын-соңды тіркелмеген апат көптеген қирау жайтына әкеліп соқты. Осы қиын шақта Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев солтүстікқазақстандықтарды қолдап, өзі келіп, зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуді тапсырды, ешкімді қиындықпен бетпе-бет қалдырмады. Үкімет, барлық мемлекеттік органдар адамдарды қалыпты жағдайға келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Президенттің үндеуіне бірінші болып жауап берген отандық бизнесімізге ерекше алғысымды білдіргім келеді. Эдуард Огай – Қазақмыс директорлар кеңесінің төрағасы, Вячеслав Ким – Каспи директорлар кеңесінің төрағасы және Эльдар Мамедов – Қаз минералс компаниясының басқарма төрағасы. Олар біздің өңірге қомақты қаражат бөлді”, – деді өңір басшысы.
Сондай-ақ, облыс әкімі табиғи апат барлығын жұдырықша жұмылдырғанын, осылайша шынайы бірлік пен өзара қолдаудың не екенін көрсеткені айтты. Құрылыс жасақтарының құрамында құрылыс саласында маманданған Солтүстік Қазақстан колледждерінің студенттері болады.
⠀
Облыс бойынша инфрақұрылымды салу және қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Аудандардың мехбригадалары зардап шеккен шағын аудандар мен ауылдардағы үйлерді жөндеуде. Зардап шеккен тұрғындар үшін пәтерлер сатып алынуда.
“Құрметті құрылысшылар, бұл жерде сіздердің көмектеріңіз, күштеріңіз өте маңызды болады! Біз сіздерге үлкен үміт артамыз. Бұл – болашаққа пайдалы өмірдегі баға жетпес тәжірибе. Сіздер – еліміздің нағыз патриоттарысыздар! Студенттік құрылыс жасақтарының жандануы игі істердің жақсы бастамасы екеніне сенімдімін. Баршаңызға жаңа биіктерді бағындыруда, өңіріміздің, еліміздің игілігі үшін елеулі нәтижелерге қол жеткізуде табыс тілеймін”, — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желілерде.