2024 жылы СҚО-да сотталғандарға 27 телефон жеткізбек болған күдіктілер анықталды
Жыл басынан бері СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ведомстволық бағынысты мекемелерінде жалпы саны 27 ұялы байланыс құралдарын алудың 6 фактісі тіркелді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Биылғы жылдың бес айының қорытындысы бойынша екі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, біреуіне ескерту шығарылды. Тыйым салынған заттардың енуіне жол бермеу мақсатында қызметкерлер қызметтік иттерді пайдалана отырып, мекемелерге іргелес аумақтарды тұрақты негізде патрульдеуді жүзеге асырады.
Мекеме аумағына кіретін және шығатын барлық тұлға жеке тексеруге арналған және киім астында, сондай-ақ адам денесінің ішінде немесе протездерде жасырылған барлық затты анықтауға қабілетті рентгенскопиялық сканер арқылы тексеріледі.
Сонымен қатар орнатылған рентген-телевизиялық қондырғы сөмкелерде, сәлемдемелерде, сауқаттарда, бандерольдерде және багаждарда тасымалданатын барлық жасырылған затты анықтауға кепілдік береді. Жауапты орган тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.