Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 2-ЖЭО-ның жаңа мұржасына шығарындыларды автоматты түрде тіркейтін жүйе орнатылады

2-ЖЭО-ның жаңа мұржасына шығарындыларды автоматты түрде тіркейтін жүйе орнатылады

Аққайыңдар өлкесіндегі «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоршаған ортаға айтарлықтай теріс әсер ететін бірінші санаттағы ұйымға жатады. Біле жүрген маңызды, шаһардағы 2-ЖЭО-да орналасқан қазандықтарда көмір мен мазут молынан жағылады. Осының нәтижесінде атмосфераға екі бірдей мұржа арқылы түтін газдары таралады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

«Кәсіпорын 2023 жылы 48,6 мың тонна ластаушы зат шығаруға құқығы болды. Дегенмен, 2023 жылы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ атмосфераға 24,6 мың тонна ластаушы заттар шығарды. Себебі, жағылған 2 070,2 мың тонна Екібастұз көмірі мен 3,5 мың тонна мазут жылу және электр энергиясын өндіруге жұмсалды», – деді «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы Николай Максимов.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның барлық нысандарында өндірістік бағыттағы экологиялық бақылау тұрақты негізде өзінің және өзге аккредиттелген зертханалармен жүзеге асырылады.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ парниктік газдар шығарындыларына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Сонымен қатар, парниктік газдар шығарындылары мен озонды бұзатын заттарды тұтыну бойынша жыл сайын тексеру жүргізеді. 2023 жылы парниктік газдар шығарындылары 3 719,01 мың тоннаны құрады», – деді компанияның басқарма басшысы Николай Максимов.

2024 жылы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ сумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуды, жаңа мұржаға шығарындыларды бақылаудың автоматтандырылған жүйесін орнатуды жоспарлап отыр. Мұндай жаңашылдық Есіл өзеніне су жіберу көзіне де қойылады. ЖЭО-да қазандық қондырғылары қайта жаңғыртылады.

Shares