Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда қоғамдық ұйымдардың өкілдері қоныс аудару бағдарламасының тиімділігін талқылады

Петропавлда қоғамдық ұйымдардың өкілдері қоныс аудару бағдарламасының тиімділігін талқылады

Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында Қазақстанның оңтүстігінен солтүстігіне қоныс аудару бағдарламасына арналған кездесу өткізді. Қатысушылар қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Қоныс аудару бағдарламасының реттелген және реттелмеген жақтары бар. Үкімет деңгейінде бұл туралы бірнеше рет айтылды. Біздің мақсатымыз – ашық диалог жүргізу. “СҚО-ға көшіп келген адамдар неге туған өңіріне оралуға шешім қабылдайды?” деген мәселені талқылау. Сонымен қатар, өңіріміз адамдардың көңілден шығу жайтын да талдаймыз”, – деді “Шуақ” қоғамдық қорының директоры Рүстем Арманов.

Бурахан Дақанов – қоныс аударушы. Ол осыдан бірнеше жыл бұрын Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болуға шешім қабылдады. Өңірге бейімделу жолын әлеуметтік желілер арқылы таратады. Сонымен қатар, жерлесіміз “Тәуекел” қоғамдық ұйымының төрағасы болып табылады.

“Ұйымның миссиясы құрылған. Біз қоныс аударушыларға бейімделуге көмектесеміз. Мемлекеттің нақты ұстанымы бар, егер адамдар көтермеақы, тұрғын үй және жұмыс алса, онда олардың жайлылығы қамтамасыз етіледі. Бірақ тіпті ел ішінде көшу адамдарға эмоционалды түрде қиын болады. Мұнда адамдар үйреніп, жаңа облыс қоғамының бір бөлігі болуы керек”, – деп атап өтті “Тәуекел” қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Дақанов.

Shares