Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Үйінен айырылған қалалықтар Петропавл әкімдігі жанындағы комиссияға жүгінуді жалғастыруда

Үйінен айырылған қалалықтар Петропавл әкімдігі жанындағы комиссияға жүгінуді жалғастыруда

Петропавлда су тасқыны салдарынан тұрғын үйінен айырылған азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі қоғамдық комиссия жұмысын жалғастыруда. Таңдау жолы қарапайым: қала тұрғындарына Солнечный-2 ауданынан үй немесе өз бетінше баспана таңдау ұсынылады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Қала тұрғындары жергілікті жерде қоғам өкілдерімен, заңгерлермен және әкімдік қызметкерлерімен мүмкін болатын нұсқаларды талқылай алады. Күн сайын “Ақ жол” партиясының депутаты, мектеп директоры және қоғамдық комиссияның мүшесі Ләззат Жалмұқанова түсініктеме береді. Ол – жауаптылардың бірі.

“Бірінші нұсқа – Солнечный-2 ықшам ауданы, екінші нұсқа – қаладағы пәтер, ал үшінші нұсқа – қала ішіндегі үй болуы мүмкін. Қаладағы пәтерлер шаршы метр бойынша сатылады. Егер ауданы аз болса, мемлекет 5 шаршы метр қосады. Ал егер Солнечный-2 кенті таңдалса, онда аумақ есепке алынбайды”, – деді қоғамдық комиссияның мүшесі Ләззат Жалмұқанова.

Зардап шеккен Петропавл тұрғындарында қиындық тудырар көптеген мәселе бар, бірақ ең бастысы ешкім баспанасыз қалмайды. Кейбіреулер абаттандырылған пәтерді қалайды, ал басқалары болған жағдайға қарамастан, жеке үйлерін тастап кеткісі келмейді. Жақында Александр Куминов жаңа шағын ауданға көшеді.

“Бізде жеке үйіміз болды. Апатты деп танылды. Әкімдікке шақырылып, құжаттар тапсырылды. Мен өмір бойы жеке үйде тұрамын. Солнечный-2 ықшам ауданында 80 шаршы метрлік үй ұсынылады”, – деді қала тұрғыны Александр Куминов.

Жаңа қоныстанушылар маусым айында Солнечный-2 ауданындағы үйлеріне кіре алады. Тұрғын үйдің ауданы 80 шаршы метр және тағы 10 сотық жер беріледі.

“Үйлер жаман емес. Біз құрылысты көрдік. Сол себепті, Солнечный-2 ауданынан үй таңдауды шештік. Ауданы жақсы, ауласы кең”, – деді Петропавл қаласының тұрғыны Ринат Хакимзянов.

Shares