СҚО-да сотталғандар отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне сыйлық жасады
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері сотталғандармен бірлесіп, отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, – деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Балалар үшін сотталғандар арнайы қазақтың ұлттық камзолдарын, жастықтарды, жұмсақ ойыншықтарды тігіп, қызметкерлер тәттілер мен басқа да қажетті заттарды, керек-жарақтарды алды.
Сыйлықтарды тапсыру үшін қызметкерлер балалар ауылына жеке барып, келе жатқан мерекемен құттықтады, сондай-ақ профилактикалық әңгіме өткізді. Қызметкерлердің мейірімділігі мен қамқорлығын балалар да, әкімшілік те бағалады.
Жетім балалар үшін мұндай іс-шаралар үлкен маңызға ие. Бұл сыйлық түріндегі нақты көмек қана емес, сонымен қатар балаларға сенімділік пен қолдау сезімін беретін маңызды психологиялық қолдау.