Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да зардап шеккен үйлерді тексерудің алдын-ала қорытындылары шығарылды

СҚО-да зардап шеккен үйлерді тексерудің алдын-ала қорытындылары шығарылды

Ғауез Нұрмұхамбетов  Ойқала, Былғары, Заречное ықшам аудандарындағы, Тепличное, Прибрежное ауылдарындағы мехбригадалардың жұмысы мен үйлерді жөндеу жұмыстарын бақылап, зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, бекітілген аудан әкімдері орынбасарларының есебін тыңдады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Өңір басшысы барлық жұмыстарды сапалы әрі уақытында атқаруды тапсырды.

Бүгінгі таңда облыстағы үйлерді бағалау және техникалық зерттеуден өткізу бойынша барлық жұмыстар аяқталып, тұрғындарға құжаттама беріліп жатыр. Зақымданған тұрғын үйлерді тексерудің алдын ала қорытындылары шығарылды.

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны кезінде 3898 үй зардап шекті. Салдарынан облыстағы 1720 үйді қалпына келтіру мүмкін емес. Апатты деп танылған тұрғындар үшін Солнечный 2 шағын ауданында 520 үй салынуда. Барлығы 700 үй тұрғызылады.

Екінші нарықтан пәтерлер сатылып алынуда. Бүгінгі таңда 87 пәтер сатып алынды. Солнечный-2 ықшам ауданындағы жаңа баспанаға да 130 өтініш қабылданған.

Облыста 2178 үй жөндеуге келеді. Бүгінге дейін 270 үй иесі механикалық бригадалардың көмегімен үйлерін жөндеуге келісті. Бұл жұмыс жалғасуда. Қазір 136 үйде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.1055 үй бойынша зардап шеккен тұрғындарға өз күшімен үйді жөндеуге төлемдер жасалады.

Shares