Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да құтқарушылар шомылу маусымына дайынд

СҚО-да құтқарушылар шомылу маусымына дайынд

Солтүстік Қазақстан облысында 60-қа жуық өзен, екі мыңнан астам көл және жүзден аса көлшік бар. Соңғы 10 жылда ресми демалыс орындары ретінде тіркелген су айдындарында адам өлімі болған жоқ, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“13 көл мен Есіл өзені бойында 60 жаппай демалыс орны анықталды. Оның 6-ы ЖАО-ның коммуналдық меншігінде, ал 54-ін жеке кәсіпкерлер жалға алды. Шомылу маусымы алдында жедел-құтқару жасағының, департаменттің аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ ЖАО-ның күштері мен құралдары шомылу маусымы кезінде суда орын алуы мүмкін ТЖ-ға ден қою бойынша толық дайындыққа келтірілді”, – деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.

Жүзу құралдары, сүңгуір жабдықтары дайындалды және қызмет көрсетілді. Облыстық білім басқармасымен жалпы білім беретін мекемелердің Wats App тобына SMS хабарламалар жіберілді. Осы арқылы судағы ықтимал ТЖ алдын алу бойынша жадынамалар көрсетумен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды.
Құтқарушылардың деректері бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында 2024 жылдың 5 айында 12 адам суға батып кетті, оның ішінде 2 бала бар.

Shares