СҚО оқушылары ТЖ хабарлайтын IT-жобаларды әзірлеуде
Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында төтенше жағдайлар департаменті Оқушылар сарайының мамандарымен бірігіп, алғаш рет “Хакатон”: ТЖ кезіндегі қауіпсіздік” шарасын өткізді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Зияткерлік сайысқа 25 команда – 60-қа жуық бала қатысты. Хакатонның басты міндеті – халықты оқыту деңгейін арттыруға, төтенше жағдай туындаған кезде халықты жедел хабардар етуге бағытталған өнім әзірлеу.
“Бүгінде ақпараттық технологиялар әр салада бар. Олар барлық салада сұранысқа ие десем болады. Екі күн бойы қатысушылар жақсы атмосферада қызықты, жаңа нәрсе жасайды. Осылайша, жас ұрпақтың бастамашыл және жігерлі өкілдеріне еліміздің азаматтық қорғау жүйесін нығайту бойынша өз үлестерін қосуға бірегей мүмкіндік беріледі”, – деді СҚО ТЖД штабының бас маманы Марина Самойленко.
Хакатонның қорытындысы 1 маусымда шығарылады. Қатысушылар қазылар алқасына өз жобалары мен презентацияларын ұсынады. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтар алады. 1 орын – 300 000 тг, 2 орын – 150 000 тг, 3 орын – 100 000 тг.