“Халық заңгері”: мемлекеттік органдардың 30 өкілі қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді
Петропавлдағы “Dostyq mall” СОО бірінші қабатында “Халық заңгері” акциясы өткізілді. Онда мемлекеттік органдардың 30 өкілі қала тұрғындарының проблемалық сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Тұрғындармен тілдескендердің арасында адвокаттар, нотариустар, заң кеңесшілері болды. Пайдалы акция ай сайын адамдар көп жиналатын жерлерде өткізілетін болады. Бұл бастама азаматтарға ыңғайлы болу үшін қолға алынған.
“ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес ҚР бүкіл аумағында “Халық заңгері” акциясы өткізіліп жатыр. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтар кез келген мәселе бойынша жүгіне алады”, – деді СҚО Әділет департаментінің басшысы Айдос Тоғызбаев.